"Денсаулық үшін маңызды" айдары
Туберкулезді емдеу: неге емді тоқтатуға болмайды
Туберкулез-емделетін ауру, бірақ ол үшін емді дәрігер тағайындағандай қатаң сақтау қажет.
Тіпті бірнеше күнге емді үзсеңіз, туберкулез таяқшалары дәріге төзімді болып, ауру қауіпті түрге айналуы мүмкін.
Емді үзбей қабылдағанда:
Туберкулез микробтары толық жойылады
Жөтел басылып, хал жақсарады
Науқас айналасындағы адамдарға жұқтырмайды
Күш-қуат пен өмірге деген жігер қайта оралады
Ал егер емді тоқтатсаңыз:
Ауру қайта асқынады
Дәріге төзімді туберкулез пайда болады
Ем ұзаққа созылып, қиындайды және қымбатқа түседі
Есте сақтаңыз:
Әр қабылданған дәрі-сауығуға қарай жасалған қадам!
Аурумен жалғыз қалмаңыз-дәрігер кеңесіне жүгініңіз, емді соңына дейін жалғастырыңыз және өзіңізге сеніңіз!
- Білім
- Ата-аналар
- Студенттер үшін
- Мұғалімдер
- Контактілер
- Мемлекеттік сатып алу

