Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссиясы

Төреайымы: Шарипова Маргарита Акжунусовна-жалпы 28 жылдық өтілі бар жоғары санатты дәрігер-фтизиатр.

Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның құрамы:

Төраға: Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры.

Төрағаның орынбасары: директордың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.

Мүшелері:

  • ұйымдастыру - әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;

  • көптеген дәрілерге көнбейтін және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу бөлімшелерінің меңгерушілері;

  • балаларды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі;

  • дәрігер-бактериолог;

  • провизор (дәрі-дәрмекті үйлестіруші);

  • хатшы.

Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның жұмыс реттілігі:

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссия отырыстары орталық директоры бекіткен кестеге сәйкес, аптасына кемінде бір рет өткізіледі және де комиссия мүшелерінің кемінде 3-і қатысқанда ғана құқылы.

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияға жіберілетін науқастардың тізімін ұсыну - мақсатын көрсете отырып, алдын–ала жасалуы тиіс. Барлық шешімдер орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның арнайы журналында оның мүшелерінің қол қоюы арқылы расталады. Журналды жауапты маман жүргізеді.

Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияға ұсынылатын құжаттар:

- дұрыс толтырылған ТБ-01 картасы;

- науқастың амбулаториялық картасы;

- сырқатнама;

- рентгенархив.

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияға науқастардың медициналық құжаттамасын дәрігер-фтизиатр, туберкулезге қарсы ұйымдардың стационарында болған жағдайда емдеуші дәрігер ұсынады. ОДКК-сы туберкулез жағдайын талдауды, талқылауды және шешім қабылдауды қамтиды. Ем тағайындалған науқасқа дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, туберкулезге қарсы препараттардың есебін жүргізуге және емнің толық курсына толық тізбенің болуы туралы ақпарат ұсынуға міндетті.