№4 бөлімше – психоневрологиялық аурулары бар туберкулез науқастарына арналған Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің №1 өкпе терапия бөлімшесі 1998 ж 50 төсек-орындық болып ашылды. Бөлімше меңгерушілігіне Ислам Адайбекұлы Жумагулов пен аға медбикелікке Гүлсараш Ибрагимқызы Елеусинова тағайындалды.
1998 ж бастап ДОТС стратегиясы бағдарламасы бойынша науқастарды емдеу жүзеге асырылады. 2000 ж №1 өкпе терапия бөлімшесінің атауы бактерия бөлмейтін бөлімшеге ауыстырылып, бөлімеңгерушісі Аманкүл Жақсылыққызы Кулманова мен аға медбике Гулзипа Піртазақызы Садақбаева болды. 2003 ж бөлімше меңгерушілігіне Жетпісбай Бекішұлы Бекишов пен аға медбикелікке Айна Жанайқызы Борибаева тағайындалды.
2017 ж қалалық туберкулезге қарсы диспансер жабылып, бөлімше облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне қосылды, 30 төсек-орындық №4 МЛУ бөлімшесі болып бекітілді.
Даурен Калиұлы ЖЕҢСІКБАЕВ 1963 ж Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 1970-1980 жж №37 орта мектепті бітіріп, туған жері Шаған ауылында күріш егіп, Ыбырай Жақаев атасындай күріштен мол өнім алған, аудандық, облыстық марапаттарға ие болған. 1982-1984 жж әскери борышын өтеп келіп, сүйікті күрішші мамандығын жалғастырған.
1992 ж Ақтөбе медициналық университетін бітіріп еңбек жолын Тереңөзек ауданында орталық ауруханада дәрігер болып бастаған. 1998-1915 жж Байқоңыр қаласында туберкулезге қарсы диспансерінде фтизиатр-дәрігер болған. 2015 ж облыстық туберкулезге қарсы диспансерде аймақтық дәрігер, 2016 ж бері №4 бөлімше меңгерушісі, Бірнеше рет алғыс хаттармен және 2018 ж ылы ОДСБ-ның грамотасымен марапатталған.
Өз кәсібіне жауапкершілігі мол, науқастардың ықыласына бөленген, мамандығыммақтанышым деген қағиданы биік ұстайтын азамат.
Раиса Александырқызы КОГАЙ 1941 ж Қызылорда облысында дүниеге келген. 1957-1967 жж ВЛКСМ-нің 20 жылдығы атындағы мектепті бітірген. 1967 ж Семей қаласындағы медициналық иниститутқа оқуға түскен. Дәрігерлік еңбек жолын Өскемен қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде бастаған. 1977-1981 жж Шымкент қаласындағы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде дәрігер-фтизиатр болған. 1981 ж бері Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жұмыс істеп келеді.
Қазір зейнеткер болса да Сыр елі тұрғындарының денсаулығын артыруға үлес қосуда. Еңбек өтілі – жарты ғасырдан астам, 52 жыл. Бірнеше алғыс хаттар мен марапаттар иесі.
Облыстың фтизиатрия саласында өз қолтаңбасы бар білікті маман. Өз сүйікті мамандығының жанашыры, жастар тәлімгері. Ұлы мен келіні дәрігерлік мамандықты таңдап, бүгінде Тараз қаласында еңбек етеді.
Айна Жанайқызы БӨРІБАЕВА 1963 ж Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1980 ж №185 қазақ орта мектебін бітіріп, туған жері Жаңа-қала совхозында еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. 1985 ж Қызылорда медициналық училищесін тамамдап облыстық аурухананың травматология бөлімшесінде медбике болып 1990 ж дейін еңбек етті. 1991 ж бері облыстық туберкулезге қарсы диспансерде мейірбике, 2001 ж бастап аға мейірбике. 1993 ж 12 мамырда өткен медбикелер күнінде «Мамандығым-мақтанышым» сайысында 2-ші орын, 1994 ж 1-ші орын алған, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Бүгінде №4 бөлімше аға медбикесі. Еңбек өтілі – 38 жыл. Жоғарғы санатты медбике. Бірнеше рет алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған. Бакалавр мамандығы бойынша қосымша білім алған. «Сыр медицинасының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Қазіргі таңда №4 бөлімшесі психоневрологиялық аурулары бар туберкулез науқастарға аналған 25 төсек орынға жабдықталған.
Бөлім меңгеруші Кенжебаева Гульсара Муханбедьяровна Жалағаш ауданында дүниеге келген.
Актөбе мемлекеттік медицина академиясының емдеу ісі мамандығы бойынша 2006ж бітірген.
Еңбек жолын 2007ж Облыстық психоневрологиялық аурухананың №6 бөлімшесінде фтизиатр дәрігері болып бастаған.2010ж психиатор мамандығын меңгерген. 2017ж Облыстық фтизиопульманология орталығына қосылуына байланысты Тереңөзек бөлімшесінің бөлім меңгеруші блып тағайындалған.
2020жылдан бері Фтизиопульманология орталығының №4 бөлімшесінде қызмет атқарып келеді.
Жоғарғы санатты фтизиатр-психиатор. Еңбек өтілімі-17жыл.Бірнеше рет алғы хаттармен және грамоталармен марапатталған.
2019ж Тәуелсіздік күніне «Нұр отан» партиясының 20 жылдығына алғыс хатпен марапатталған.
2023ж Медицина қызметкерлері күні мерекесінеорай денсаулық сақтау саласындағы жемісіті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, Денсақлық сақтау министр А.Ғинияттың Алғыс хатымен марапатталған.
Өз кәсібіне жауапкершілігі мол, науқастардың ықыласына бөленген, мамандығым мақтанышым деген қағиданы биік ұстайтын азаматша.
Бөлімшеде -13 мейіргер,олардың 11-жағарға санатты,2-1 санатты.