Облыстық фтизиопульмонология орталығының қайта қалпына келтіру бөлімшесінде емделіп жатқан пациенттерге қайта қалпына келтіру және медициналық оңалту мақсатында физиотерапиялық ем, емдік дене шынықтыру, массаж қызметтері көрсетіледі.
Бөлімде пациентерге физиотерапиялық емдік іс- шаралар: амплипульстерапия, Биоптрон, УФО, ультрадыбыстық терапия, электрофорез, дорсанвализация,УВЧ, оттегі кактейлі көрсетілімге сай қолданылуда. 2021 жылдың қараша айынан бастап ем- шараларға СЦЭК (стимулятор циркуляции энергии и крови) және Ашу – терапия,магнитотерппия беріліп жатыр.
1.Аппарат Алмаг-03 магнитотерапия –Қабынуды ісікті басады ,қан тамырларын кеңейтіп ,қаннаң жүру қозғалысын арттырады,иммуномодуляциялық әсері бар.
2.УВЧ аппараты –тіндердің нәрленуін күшейтіп ,лимфа айналымын жақсартады ,қабынуды,ауырсынуды,ісікті басалы Асқазан өт қабының ,бронх бронхиолдардың бұлшық еттерді босатады.УВЧ импульсты берілгенде бас миінің қызметін тежеуді күшейтеді.
3.Амплипульс 7 –Ауырсынуды ,ісінуді басады ,қанның ұюын төмендетеді ,зат алмасу процесін ,қан айналымын ,бұлшық ет жүйке жүйесінің қызметін жақсартады.
4.Вибро-массаж-Ұйқысыздық,артық салмақ,іш біту,жүйкенің ширығуы және қозуы,терінің босаңдығы,уақытынан бұрын қартаююы тежейді.
5.Аппарат дарсонываль –бұлшық ет ,тіс жақ жүйелері мен терінің,жүйке жүрек -қан тамыр ауруларын емдейді.
6.УЗТ –аппараты Ауырсыну синдромы. Ревматойдный артрит,периартрит,артроз,неврит,және невралгия ,радикулит секілді аурулардың ем жасау мақсатында қолданылады.
Бөлімшеде дәрігер физиотерапевті жұмыс жасайды ,бөлімше жұмысын жоспарлайды ,пациенттерге кеңес береді .Физиотерапия бөлімшесінің мейіргерлері арнайы мамандандырылған және жұмыс орнында техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулықтан өткен.
. сол сияқты жоспар бойынша орта буын және кіші буын медицина қызметкерлеріне белгіленген семинар сабақтар аптаның әрбір бейсенбісі сайын тұрақты жүргізіліп тұрылады. Қолданыстағы аппаратуралардың жұмыс істеу сапасы үнемі тексеріледі. Физикалық факторлардың емдік қасиеттерін емдеу және аурудың алдын алу ,сондай-ақ медициналық оңалтуын зерттейтін клиникалық медицинаның саласы Физиотерапия деп аталады.
Физиотерапиялық емшаралардың адам денесіне әсері әртүрлі,ауырсынуды басады,ағзалардың секреторлық және моторлық қызметтері қалыптасады қабыну процестері бәсеңдейді,репарация процестері күшейеді.
Физиотерапиялық ем шаралар көптеген аурулардың қабыну ,дистрофикалық және функционалдық өзгерістерінің бастапқы немесе толық ремиссия кезеңдерін емдеуде қолданады.
Физиотерапия бөлімшесіне қойылатын талаптар өте жарық ,едені ағаш немесе линолиум мен қапталған ,жылу батареялары ,су және канализация құбырлары ағашпен қапталған ,ажыратқышы рубильник бар топталған электр тоғын тарататын электр қалқаны мен аппарат тарын іске қосатын қалқаншалары орнатылып тоқ сымдары бекітілген .