Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі Директордың 2023 жылғы 04 қаңтардағы №23-Ө «Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметін жетілдіру»бұйрығымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI Кодексімен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 35- бабына сәйкес пациенттерге қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) Қызметі бөлімі құрылды. - Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаушылық болса; - Медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілік көрсеткені байқалса; - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайында медициналық қызметкерлер тарапынан медициналық көмек көрсеткені үшін қаражат бопсалаушылықты білдіртсе, Пациентті қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қысқа мерзімде қарап, нәтижесін Сізге жібереді. Сіз өтінішті (шағым) әр бөлімшеде орналасқан шағымдар жәшігіне; сонымен қатар «Сенім» телефонына қалдыра аласыз. Немесе ішкі аудит орынбасары Сариева Ұлмекен Мухамедияровнаға, жоғары санатты дәрігер-фтизиатры қабылдауына келе аласыз. (Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы, бас ғимарат І қабат №10 кабинет)