Облыстық   фтизиопульмонология  орталығында  2020 жылдың 24 қырқүйегінен бастап №434 бұйрығына сәйкес №2 Пульмонология және диф/ диагностикалық бөлімше қайта құрылды.

Бөлім меңгерушісі А.Асқарова ,аға мейіргер Л. Құрмантаева, ш/иесі  Х Умарова болып бекітілді.

Бөлімде 8 мейіргер және 9 тазалықшы қызмет көрсетеді.

Бөлімдегі науқастардың диагнозын нақтылау барысында орталықтандырылған дәрігерлік бақылау  комиссия жасалып бактериологиялық,цитологиялық ,жалпы клиникалық, иммуноферменттік сараптамалар нәтижесінде науқасқа дер кезінде диагноз қойылып, ем жүргізіледі. Ем барысында науқастардың жағдайын  күнделікті дәрігерлік қарау және емдеу ісі жөніндегі директордың  орынбасары Алтекешева А.О  қарауы жүргізіледі.

Диагнозы нақтыланып емшаралар уақытылы жүргізілген науқастар 10-14 күн аралығында сауығып, алғысын білдіріп шығады.

Бөлімдегі қызметкерлер науқастарға вербалды қарым қатынас жасайды.