80 төсек-орындық хирургиялық бөлімшеде 1998 жылға дейін Генадий Лаврентьевич Ким меңгеруші болды. Аға мейірбике Демиденко Ирина Алексеевна.
1998-2000 жж Байдос Махатжанұлы Абжалелов, 2001-2002 жж Болат Залович Мырзахметов 50 төсек-орындық бөлімше меңгерушісі болып еңбек етті. Аға мейірбике Үсенова Ғалия.
Байдос Махатжанұлы АБЖАЛЕЛОВ 1950 ж Арал ауданы «Ұялы» ауылында туған. 1967 ж Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектепті, 1974 ж Алматы мемлекеттік медициналық институтының «емдеу ісі» факултетін бітірген.
1974-1977 жж Қызылорда облыстық ауруханада хирург болып жұмыс істеп, 1977-1979 жж Алматы қаласында А.Н.Сызғанов атындағы клиникалық-эксперименттік хирургия орталығында 2 жыл клиникалық ординатурада оқып, 1981 ж дейін облыстық ауруханада хирург мамандығын жалғастырды. Сол жылы ОТҚД бас дәрігері А.Сәдуақасовтың өтінішімен диспансерге өкпе хирургі болып қызмет ауыстырды.
Өкпе хирургиясы бөлімшесі 1978 ж 25 төсектік болып қайта ашылған еді. 1981 ж ОТҚД-нің жаңа ғимараты пайдалануға берілгенде аталған бөлімше 50 төсекке дейін ұлғайды. Ол осы бөлімшеде 2001 ж дейін жетекші өкпе хирургы болып жұмыс істеді, торакалды хирург, жоғары санатты дәрігер болды. Оның жетекшілігімен бөлімшеде сегментарлы резекция, лобэктомия, билобэктомия, пульмоноэктомия, 5-6 қабырғалық экстраплевралды торакопластика, торакостомия, Вишневский бойынша плевралды қуысты дренирлеу, торакоскопия сияқты ем шара түрлері кеңінен атқарылды.
2001-2015 жж арнайы медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінде бас маман қызметінде болды. «Гиппократ», «Еңбек ардагері» медалдарімен марапатталған. Жұбайы Айман Хайруллаева терапевт дәрігер. Қазірде отбасымен бірге Алматыда, «Талғар» қаласында тұрады.
Қазыкерей Бердіғалиұлы МӘМБЕТ 1956 ж Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кентінде дүниеге келген. 1973 ж орта мектепті үздік, 1979 ж Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтаған. Облыстық ауруханада интернатураны хирургия мамандығы бойынша өткен.1980 ж бастап Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы ауруханада торакалды хирург болып қызмет істей жүріп, Ленинградта ГИДУВ-те мамандығын жетілдірген, жоғары санатты дәрігер болған. Туберкулезді ДОТС әдісімен емдеу жөнінде халықаралық тәжірибе жинақтап, түрлі әдістемелерге қатысты. 2007 ж бастап өмірінің соңына дейін Қызылорда облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінде бас маман болып қызмет етті. 2012 ж ауыр науқастан қайтыс болды. Әйелі де дәрігер терапевт.
2002 ж бастап Ерлан Елтайұлы Нұрғалиев 2019 ж наурыз айына дейін бөлімше меңгерушісі болды. Бөлімшедегі төсек саны – 50 орын. Бөлімшеде 2004-2005 жж Грачева Вера Михайловна, 2005 ж Нұрманова Нағима, 2005-2006 жж Алишева Бибігүл, 2006-2011 жж Құрмантаева Ләззат аға мейірбикелік қызмет атқарды.
2012 ж бастап аға мейірбике Маханбетиярова Бахыткүл.
Науқастардың азаюына байланысты хирургиялық бөлімше 2016 ж 40 төсек-орын болды. 2016 ж сәуір айында хирургия бөлімі мен ӨТТБ (өкпеден тыс туберкулез бөлімшесі) біріктірілді. Бөлімше бүгінде төсек-30 орынға бейімделген. Қазіргі таңда 2019 ж бастап бөлімше меңгерушілігіне Әмір Маратұлы Аманов тағайындалды.
Ораз Алтайұлы Қарымбаев өкпеден тыс туберкулез бөлімшесіне 1980–2001 жж меңгерушілік етті. Бөлімше аға мейрбикесі Грачева Вера Михайловна болды.
2001-2010 жж 80 төсек орындық бөлімше меңгерушісі Күлекеева Гүлнар Қашқынбайқызы (2005 ж бөлімше аға мейірбикесі Маханбетиярова Бақытгүл Үмбетиярқызы). 2004 ж бөлімше 60 төсек орынға, 2008 ж 50 төсек-орынға дейін қысқарды.
2010 ж бастап бөлімше дәрігері болған Т.С.Абишев меңгерушілікке тағайындалды. Ол 2016 ж қысқартуға байланысты бөлімшенің жабылып, хирургиялық бөлімшеге қосылғанына дейін басшылық етті.
Талғат Сламбекұлы АБИШЕВ Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тартоғай ауылында туған. 1993 ж Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. Еңбек жолын Қызылорда қалалық біріккен балалар ауруханасында лор дәрігері қызметінен бастады. 1999-2000 жж Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің өкпеден тыс бөлімшесінің фтизиоостеологы, 2001-2003 жж осы бөлімше меңгерушісі, 2003-2005 жж хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, 2005-2014 жж өкпеден тыс бөлімшесінің меңгерушісі, 2015 ж өмірінің соңына дейін хирургия бөлімшесінің фтизиостеологы болып еңбек етті. 2017 ж ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Саналы ғұмырын медицина саласына арнап, әріптестері мен науқастардың ықыласына бөленді. Жоғарыда атқарған қызметтері ескеріліп облыстық денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен марапатталды.
Қазіргі таңда бөлімше аталуы өзгеріп-Өкпдеден тыс туберкулез және хирургиялық емдеу бөлімшесі болып өзгертіліп-20 төсек орынға қысқартылды.
Бөлім меңгеругісі-Күлекеева Гүлнар Қашқынбайқызы-2019 жылдан бері бөлімше меңгерушісі.
Досхожаев Айбек Әлішерұлы-торокальді хирург.
Аманов Әмір Маратұлы-дәрігер эндоскопист.
Маханбетиярова Бақытгүл Үмбетиярқызы-аға мейіргер. 2012 жылдан бері осы бөлімшеде қызмет атқарады.
Мейіргерлер-
Жармаханова Раушан-1969
Жалғасова Шынар-1969
Мусрепова Шарбан-1970.
Күлкеева Гүлмира-1971.
Бекентаева Гүлмира-1975.
Іздібаева Салтанат-1978.-бронхоскопия бөлмесінің мейіргері.
Құлпайстанова Айгүл-1978.
Жақанова Айнұр-1979-ота жасау бөлмесінің мейіргері.
Арленкеева Айсұлу-1980-ота жасау бөлмесінің мейіргері.
Алиакбарова Мақпал-1984
Абдукаликова Ғалия-1966ж.-2013 жылдан бері осы бөлімшеде-шаруашылық иесі.
Алимбетова Әсем-1971-ас таратушы
Ибадуллаева Жамиля-1972-ас таратушы
Кіші буындар да бар.