ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДИСПАНСЕРІ

1925 жылы Қазақ автономиялы Республикасының астанасы Орынбор қаласынан Ақмешітке (Қызылордаға) қоныс аударды. Сол жылы Қызылордада Өлкелік республикалық аурухана, орталық амбулатория және басқа медициналық мекемелер алғаш рет бой көтерді. Орталық амбулатория құрамында өлкелік мәні бар туберкулезге қарсы диспансер (тубкабинет) деген атаумен туберкулезге қарсы мекеме ұйымдастырылды. Бүл тубкабинет 1938 ж облыстық туберкулезге қарсы диспансер болып қайта құрылды. Аталған кабинетті респуб-

Олардың арасында Петр Владимирович Александровскийдің (1925 - 1929 жж)шоқтығы биік тұр. 1893 ж дүниеге келген ол университеттің медицина факультетін 1917 жылы бітірген. Ол 5 жыл орталық қалалық амбулаторияда тубкабинеттің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ Губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің шешімімен курорттық-сараптау комиссиясының мүшесі болды. Туберкулез мәселесіне Одақтық деңгейде айырықша көңіл бөліне бастаған кезде 1928 жылы Тифлис қаласындағы туберкулезге арналған 4-ші Бүкілодақтық съезге делегат болып қатысты. Ол түрлі комиссияларға және туберкулезге шалдыққан науқастарға көмек беру кеңесіне басшылық етті, туберкулез дертінің облыс тұрғындарына қандай қауіп төндіретініне және туберкулездің әлеуметтік сипат иеленетін кесел

екеніне көпшіліктің назарын аударды. Туберкулезді барынша ғылыми сипаттады.

1935 ж 90 төсек-орынға арналған Өлкелік сүйек-буын туберкулезі ауруханасы ашылды. Оның бас дәрігерлігіне Абдулхамит Алпысбайұлы КАЛМЕНОВ (1935 - 1946 жж)тағайындалды. Ол жергілікті ұлттан шыққан еліміздің алғашқы туберкулез саласын ұйымдастырушысы болды. Ол - сүйек туберкулезі бойынша білікті маман және туберкулездік саладағы тұңғыш қазақ рентгенолог. Оның жанында Савченко А.С. ординатор-дәрігер, Щербакова А.А., Милова Е.К., Антипина, Какабадзе И.И., Байдилдина К., Мисина Е.А., Жидких, Корохина О.И. және т.б. мейірбикелік қызмет атқарды.

1940 ж Өлкелік сүйек-туберкулез ауруханасы 120 төсектік облыстық туберкулездік ауруханаға айналдырылды, оны А.А.Калменов басқарды. Ауруханада 95 төсек-орын сүйек-буын туберкулезіне, 25 төсек-орын өкпе туберкулезіне шалдыққан науқастарға арналды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де ол облыстағы туберкулезге қарсы күрес саласының тұралап қалмауына барынша ықпал етті. Қалалық ауруханада 25 төсектік өкпе-туберкулез бөлімшесін ұйымдастырды. Бөлімшеде жергілікті тұрғындармен қатар эвакуцияланған науқастар да емделді. Оның бас дәрігерлігі кезінде 1943 ж Қызылорда қаласында 45 төсектік балалар туберкулез ауруханасы мен 60 орындық санаториялық бала бақша ашылды.

 

100 төсек-орындық облыстық туберкулездік аурухананың бас дәрігері болып Сейтмұрат Нұржанұлы ТАШПЕНОВ (1946 - 1947 жж) жұмыс істеді. Ол Сыр өңіріндегі алғашқы ортопед фтизиохирург болды. Оның бастамасымен 1946 ж бастап тек Қызылорда қаласында ғана емес, аудандарда да туберкулезге қарсы күрес мекемелер торабының өсуіне ықпал етті. Туберкулезді емдеу жұмыстарымен қатар алдын алу шараларына да жете көңіл бөліне бастады. Ол 1970-1979 жж сүйек-туберкулез бөлімшесінің меңгерушісі болып жемісті еңбек етті. Туберкулезге шалдыққан науқастарды ортопедиялық оңалту ісін жолға қойды.

 

 

 

 

 

 

Облыстық туберкулез ауруханасының бас дәрігері болып Дехвар Деншанович УГАЙ (1948 – 1970 жж) 22 жылжұмыс істеді. Ол бас дәрігерлікпен қатар еліміздегі алғашқы рентгенолог дәрігер ретінде де танылды. 30 жылдай салаға басшылық еткен ол «Қазақ Республикасының еңбегі сіңген дәрігері» құрметті атағын иеленді. Республика көлемінде білікті фтизиатр ретінде силы болды. 1940 ж бастап Сыр өңіріндегі өкпе туберкулезі бойынша жалғыз білікті маман ретінде танылды.

 Зейнеткерлікке шыққанда да өз сүйікті ісіне қол үзбей, аурухананың ренгенологиялық бөлімшесінің меңгерушісі болды. Ол басшылық қызметте туберкулездің алдын алу бойынша шараларды ұйымдастырды, алдын ала анықтау үшін рентгендік тәсілді қолдануды қолға алды. Аудандарда бұл қызметті жолға қойды. Жаппай профилактикалық байқауларды ұйымдастырды, алдын ала анықтау үшін рентгендік тәсілді қолдануды қолға алды. Аудандарда бұл қызметті жолға қойды. Жаппай профилактикалық байқауларды ұйымдастырды, туберкулезге қарсы егу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Фтизиатр дәрігерлер санының артуына барынша ықпал етті. Оның басшылығы кезінде туберкулезге қарсы төсек-орындар саны артты. Облыстық тубдиспансер облыстық тубауруханамен біріктірілді, 100 төсек-орындық стационары бар облыстық біріккен туберкулезге қарсы диспансер Сыр өңірі халқына фтизитариялық сала бойынша маманданған медициналық көмек бере бастады. Сөйтіп облыста туберкулезге қарсы маманданған жүйе құрылды.

        

 

Облыстық тубдиспансердің бас дәрігері Бисенбай ОМАШЕВ (1970 - 1975 жж) болған кезеңде туберкулезге қарсы саланың материалдық-техникалық базасының нығаюына, аудандардағы туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің кеңеюіне, профилактикалық шаралардың кең қанат жаюына барынша жете назар аударылды. Емдеу ісінде жаңа диагностикалық тәсілдер енгізілді.

Облыс, қала және аудан тубауруханаларындағы мамандар саны артты, олардың біліктілігін арттыруға зор көңіл бөлініп, Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында дәрігерлердің білім жетілдіруі және Қызылорда медициналық училищесінде орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жалғасын тапты.

        

 

 

 

 

 

 

 

Аманхан СӘДУАҚАСОВ (1975 - 1994 жж)А.Сәдуақасов 1944 ж Шиелі ауданының «Сырдария» кеңшары «Ортақшыл» бөлімшесінде дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1960 ж Сырдария кеңшарында жұмысшы болудан бастады.

Алматы мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетін 1967 ж бітіргеннен кейін Қызылорда қалалық біріккен ауруханасында дәрігер-хирург, бөлімше меңгерушісі қызметін атқарды. Одан кейін 1972-1975 жж облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқара жүріп бірінші дәрежелі дәрігер-хирург ретінде жас дәрігерлерге ұстаз бола білді. Облыс көлемінде медициналық консултациялық көмек көрсету орталығының шыңдалуына мол үлес қосып, оны облыстық кеңес беру-әдістемелік көмек көрсету орталығына айналдыра білді. Облыстық аурухана базасында орта буын медицина қызметкерлеріне білім жетілдіру курстарын ашып, олардың медициналық білімін көтеруіне жағдай жасады.

1975-1994 жж облыстық туберкулезге қарсы күресу диспансерінің бас дәрігері болып еңбек етті. Бұл жауапты кезеңде А.Сәдуақасұлының кәсіби шеберлігі мен азаматтық келбеті толық танылып, әріптестерін, халықты ауқымды шараларды шешуге ұтымды ұйымдастыра білетіні айқын көрінді. 20 жылға жуық қызмет атқарған осы уақыт аралығында ол облыстық туберкулезге қарсы күресу диспансерінің жаңа ғимаратын салудан бастап, осы диспансердің материалдық базасын нығайтуға, мамандандырылған бөлімдер ашуға, оның ішінде облыста бірінші болып өкпе ауруларын хирургиялық тәсілмен емдеу бөлімін ашты, онда жоспарлы түрде іріктеліп өкпе ауруларына операция жасалды.

1978 жылдың қазан айында сүйек туберкулезі бөлімшесінің базасында өкпе хирургия бөлімшесі ашылып жыл аяғына дейін 25 операция жасалды. 1981 жылы жаңа ғимарат пайдалануға берілгенде ол өз бетінше өкпе хирургиясы бөлімшесі болып қайта ашылды. А.Сәдуақасұлының тікелей басшылығымен операция жасалуы керек барша бронх-өкпе сырқаттары (ерекшеліктік емес өкпе дерті, эхиноккок, рак, туберкулез) осы бөлімшеге жинақталды. А.Сәдуақасұлының тікелей бастамасымен ыстық, желді климатымыз ескеріле отырылып операция бөлмесі өзгертіліп, жылдың барлық уақытында операция жасауға ыңғайланып қайта салынды. Сонымен қатар бронх-өкпе науқастарына бронхоскопия, бронхография сияқты тексеру тәсілдері мен сырқаттарды одан әрі емдеу әдістері енгізіліп, операциядан кейін айрықша бақылау бөлмесі жабдықталып ашылды, науқастардың тез қатарға қосылуына жағдай барынша жасалды.

Ол өз уақытының тығыздығына қарамастан операцияларға қатысып, барлық қиындықтарды хирургтармен бірге бөлісетін, ауру адамдардың туыстарымен тікелей байланыс жасайтын, қиын жағдайларда тіпті үйлеріне де баратын.

Аурудың түрлеріне қарай операциялар жасалып, диспансердегі жылына жасалатын 25 операция саны 222-ге дейін жетті. 1978-1994 жж 2250 түрлі операция жасалды. Жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында, әсіресе жағдайы ауыр науқастарға операция жасалғанда консултация үшін Республикалық орталық туберкулез институтынан мамандар шақырылды. А.Сәдуақасов мамандардың кәсіби өсуіне, білімін жетілдіруіне барынша жағдай жасады, кадрлар мүмкіншілігін тиімді пайдаланып Алматы, Москва, Ленинград білім жетілдіру институттарынан дәріс алдырды. Алматы, Москва ғалымдарының қатысуымен туберкулез мәселелері бойынша Қызылордада түрлі басқосулар мен семинарлар өткізді.

Диспансер жұмысын жақсарту, кеңес беру-практикалық көмекті жеделдету мақсатында бөлімшелер аралық және бөлім мен басқару бөлімі аралық селекторлық байланыс ұйымдастырды. Барлық аудандық туберкулез емдеу мекемелерімен жоспарлы қамқорлық байланыс, ал қажет болғанда жедел консультациялық- практикалық көмек тұрақты түрде көрсетіліп тұрды.

Қарамағындағы қарапайым халыққа жағдай жасау мақсатында (жаңа ғимарат қаладан оқшау орналасқан еді) диспансер жанынан қызметшілерге арнап асхана ұйымдастырып, буфет ашылды. Қызметкерлерге арнап жұмысқа таситын автобус бөлінуін қолға алды, диспансер қызметкерлерінің қызметтік автобуспен жұмысқа келіп-қайтуы қамтамасыз етілді.

Маршруттық автобустың жолын ЦКЗ-дан тубдиспансерге дейін бұруға ықпал етті.

Ұжым қызметкерлерінің жағдайын жақсарту мақсатында «бау-бақша серіктестігі» ашылып, саяжайдан жер телімі бөлініп берілді. Ол өзіне жүктелген жұмысқа жеке басының жұмысындай қарайтын, қолынан келетін мәселелерді өте тез және шалт шешетін. Ұжым мүшелерін дәрігер, слесар, жүргізуші деп бөлмей тең қарайтын, көбіне жұмыстың сапалы орындалуын талап ететін, бұйрықты сирек еститінбіз деп айтады ұжым мүшелері.

А. Садуақасұлы осы диспансерде рентгендік-флюорографиялық орталық пен бактериологиялық қызмет лабораториясын ашып, туберкулез науқастарының ерте анықталу жұмыстарын жолға қойды. Флюорографиялық тексеруде барлық емдеу мекемелерін, басқа мекеме басшыларын, халық қалаулыларын мұндай маңызды мәселеге жұмылдыра білді.

Сөйтіп бұл көрсеткіш - флюорографиялық тексерумен елдің қамтылуын 70%-ке жеткізді. Сонымен қатар халықты санитарлық-гигиеналық жолмен туберкулезден қорғанып сақтануды насихаттайтын мамандандырылған кабинеттер ашып, тұрғындармен тығыз жұмыс жасалды. Денсаулық сақтау мекемелерінің арасында алғаш рет қалтқысыз (кемшіліксіз) жұмыс істеп, жұмысты бітіру сапасына қарай еңбекақы төлеуді жаңалық ретінде енгізді. Ол бүкілодақтық ІХ-Х фтизиатрлар сиездеріне (1980, 1986 жж), бірнеше рет Республикалық сиездерге делегат, бүкілодақтық және республикалық фтизиатрлар қоғамының басқарма мүшесі болып, фтизиатр-дәрігерлердің арасында үлкен беделге ие болды. 10-нан астам ғылыми-практикалық еңбегі жарық көріп, 2 әдістемелік ұсыныс кітапшасы баспадан шықты.

1985 ж Республикалық қоғамдық байқаудың қорытындысында облыстық туберкулезге қарсы күресу диспансері 1-ші орынға ие болып, республикалық денсаулық сақтау министрлігі мен медицина қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ауыспалы Еңбек Қызыл Туы берілді.

1994-1997 жж облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірінші орынбасары қызметін атқара жүріп облыс халқына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға атсалысты. Емдеу мекемелерінің жаңа ағым міндетті медициналық сақтандыру саласына көшуіне көп еңбек сіңіріп, тікелей араласты. 1997 жылдың шілде айынан өмірінің соңғы күніне дейін міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық бөліміне басшылық етті. Ол қай қызметте болмасын өзін білгір басшы, әрі ұйымдастырушы ретінде таныта білді. Осы қызметке барғаннан кейін барлық профилактикалық- емдеу мекемелерінің жұмысын, оларды қаржыландыру ретін талдай отырып, еңбекақы төленуінің кешігу себебін тауып, облыстық ММСҚ арқылы орталықтан қаржыландыру ұсынысымен облыстық әкімшілікке шықты. Бұл ұсыныс сол 1997 ж қабылданып, 1998 ж басынан базалық бағдарлама мен кепілді медициналық көмек көрсететін облыстық денсаулық сақтау мекемелерін бюджетін облыстық медициналық сақтандыру қорына қосу жолымен, бір төлеуші принципімен, бір орталықтан, яғни ММСҚ арқылы қаржыландыру енгізілді. Базалық пен кепілді деп бөлмей бірдей қаржыландыру медицина қызметкерлерінің өз еңбекақысын уақытында алып, науқастарды дәрі-дәрмекпен, тамақпен толық қамтамасыз етуге жол ашты.

Ауылдық емдеу мекемелерінің де қаржыландырылуы тікелей ММСҚ арқылы жүзеге асты. Бұл әдіс Парламентте 1998 жылдың мамыр айында тыңдалып, Қазақстан Республикасы білім және спорт, денсаулық сақтау министрлігінде өз лайықты бағасын алды.

А.Сәдуақасұлы бірнеше рет халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбегі лайықты еленді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер» құрметті атағы берілді. Бүгінде Қызылорда қаласында оның атында көше де бар.

 Тәжібай Қазыұлы ПАЗЫЛХАИРОВ(1994 - 2004 жж) Т.Қ.Пазылхаиров 1942 ж Қызылорда облысы Сырдария ауданының Сұлутөбе өңірінде дүниеге келген. 1959 ж қазіргі «Мұстафа Шоқай» ауылындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1959-1965 жж Алматы мемлекеттік медицина институтінде «емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алды. Дәрігерлік қызметін Қызылорда қаласындағы №1 емханада 1965 ж терапевт дәрігер болып бастаған. Сонымен қатар Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінде ұйымдастырушы қызметін қоса атқарып еңбек етті. 1967-1980 жж жаңадан ұйымдастырылған Қызылорда қалалық біріккен ауруханасының бас дәрігерінің емханалар бойынша орынбасары қызметін атқарды. 1980-1986 жж №1 қалалық көп салалы емхананың бас дәрігері, 1986-1994 жж Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1994-2004 жж Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері қызметтерін-де болды. 1975 ж бастап КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, 1979-2004 жж жоғары санаттағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы-дәрігер.

Т.Пазылхаиров 1968-2004 жж әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін басқару, терапия, кардиология, фтизиатрия және рентгенология салаларын игерген. Дәрігерлік білімін жетілдіру мақсатында Москва, Санкт-Петербург, Баку, Алматы, Астана, Каир (БАӘ), Варшава қалаларындағы Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының, КСРО денсаулық сақтау Министрлігінің, мемлекеттік білім жетілдіру институттары мен ғылыми зерттеу институттарының арнайы білім жетілдіру курстарында 25 рет болып куәлік сертификаттар алған.

1974-2004 жж медицина тақырыбына арналған сьездер мен конгрестерге және конференцияларға 33 рет (Москва, Санкт-Петербург, Каир (БАӘ), Варшава (ДДСҰ), Тегеран және Алматы, Жамбыл, Целиноград, Астана, Орал, Павлодар, Атырау, Қызылорда) шақырылу құрметіне ие болды. 1994-2003 жж Канаданың Мак Гиил университетінің ДДСҰ-да Женева, Варшава, Алматы қалаларындағы өкілеттілігінің (ЮСАИД) қаржыландыруымен Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында өткізілген (Проект ХОУП, ҚР туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталығы ДОТС- бағдарламасын игеруге арналған халықаралық семинарға қатысты.

1970-2004 жж медицинаның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері одақтық, республикалық, облыстық баспаларда жарық көрді. Т.Пазылхаирұлының бастамасымен облыс, қала дәрігерлерінің қатысуымен 20-дан аса ғылыми- тәжірибелік конференция өткізілді.

Оның облыстағы туберкулезге қарсы күресу ісінде қосқан үлесі өте зор. ҚР Президентінің 1998 ж 18 мамырындағы «ҚР азаматтарының денсаулығын нығайтудың бірінші кезектегі шаралары» атты №3956-шы Жарлығына сай ДДСҰ ұсынған «Туберкулезді анықтау, тіркеу және емдеудің жаңа ДОТС-бағдарламасын енгізу» Қызылорда облысында 1998 ж 1 шілдесінен бастап іске асырылды. Қысқа мерзімнің ішінде ДДСҰ-ның «Проект ХОУП» бағдарламасы бойынша ЮСАИД және ҚР ТМҰО –ның қолдауымен 139 фтизиатр дәрігер және 8 қалалық, аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары оқыды. Облтубдиспансер жанындағы оқыту орталығының халықаралық курстарында 2612 медицина қызметкері қайта дайындықтан өтті. 1998 ж облыс және аудандық тубдиспансерлерде төсектердің саны - 1005 болса, 2003 ж - 1135-ке жетті. Тереңөзек, Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарындағы тубдиспансерлерге жаңа ғимараттар салу жөнінде ұсыныс беріліп, ол республика жоспарына енді. Соған байланысты аталған аудандардың тубдиспансерлері жаңадан салынды. Уақытында пәрменді жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2003 ж туберкулездің таралуы азайып, өлім-жітім көрсеткіштері анағұрлым төмендеді.

Т. Пазылхаирұлы облыс және қала деңгейінде қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысты. Атап айтқанда, 1967 ж Жоғарғы Кеңестің Қызылорда облысы бойынша депутатын сайлау жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары, 1987-1991 жж Қызылорда қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты, 1999-2003 жж Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының мүшесі, облыстық бюджет комиссиясының мүшесі, 1988 ж Қазақстан КП қалалық комитеті пленумының мүшесі және бюро мүшесі (ХХХ1V партконференциясы), 1986-1991 жж ҚР Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы облыстық комитетінің мүшесі, 2002 ж ҚР Қызыл ай қоғамы Ұлттық кеңесінің мүшесі, 2004 ж Қызылорда № 44 округтік парламент сайлауы комиссиясыныңтөрағасы, 1993-1995 жж Қазақстан халық бірлігі одағының (ҚХБО - СНЕК) Қызылорда қалалық ұйымын ұйымдастырушы және қалалық ұйымының алғашқы төрағасы, Қазақстан халық бірлігі партиясының (ҚХБП - ПНЕК) Қызылорда қалалық партиясы ұйымының алғашқы төрағасы, 1988-1991 жж Бүкілодақтық «Білім» қоғамының Қызылорда облыстық ұйымының президиум мүшесі және төрағасының орынбасары, 1994-2004 жж ҚР фтизиатр дәрігерлер қауымдастығының мүшесі, Қызылорда фтизиатр дәрігерлер ұйымының төрағасы болды.

Медицина ғылымына және денсаулық сақтау ісіне сіңірген ерен еңбегі үшін КСРОның «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1970), «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (1975), «Медицина ғылымына және денсаулық сақтау ісіне қосқан қомақты үлесі

үшін» Бүкілодақтық терапевтер қоғамының С.П.Боткин атындағы ескерткіш медалімен (1987), Бүкілодақтық «Білім» қоғамының белгісімен (1988), Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесінің Грамотасымен (1992), жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен (2002), Қызылорда облысының «Құрмет Грамотасымен» (2003, 2005) 2 мәрте марапатталды.

Тәжібай Пазылхаирұлы Қызылорда облысының тұрғындарына 40 жылдан аса уақыт денсаулық сақтау саласында зор қызмет еткен білікті дәрігер, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы.

Әбдіғабит Әбләзімүлы ӘБЛӘЗІМ (2004 жылдан бері) Ә.Ә.Әбләзім 1964 ж Қызылорда облысы Жанақорған ауданында дүниеге келген. 1987

ж Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, еңбек жолын 1988 ж Жаңақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған. 1988-1991 жж Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері, 1991-1997 жж Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары, 1997 ж Қызылорда темір жол ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1999 жж Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқарма бастығының орынбасары, 1999-2000 жж Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2000-2004 жж Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансер бас дәрігері қызметін атқарды.

2004 жылдың мамыр айынан бері облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері. Осы уақыт аралығында облыс бойынша туберкулезге қарсы күрес мекемелері дәрігерлерінің білімін жетілдірумен қатар өз білімін де арттырды:

- Ресей медициналық ғылыми академиясында «Фтизиатрия мен фтизиопедиатрияны сертификаттау циклы», Алматы қаласында «Орта Азия мемлекеттерінде туберкулезге қарсы бағдарламаның менеджменті» тақырыбындағы аймақтық тренингі (2005);

- «Фтизиатрия және пульмонология саласының өзекті мәселелері», Алматы жоғарғы қоғамдық денсаулық мектебінде «Аурулардың алдын алу мен денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» (2006);

Алматы жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Жүйені реформалаудағы денсаулық сақтау ісін басқару және экономикасының өзекті мәселелері» (2007);

- М.Оспанов атындағы БҚММА ҚМ жанындағы «Пульмонология және фтизиатрияның өзекті мәселелері», Алматы қаласында «Қазақстан Республикасында туберкулездің мултирезистенті түріне қарсы күресті ұйымдастыру» семинары (2009);

- «Медициналық қызмет сапасын тәуелсіз сараптау мен аккредитация жүргізу мәселелері» циклы (2011); қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Денсаулықты күшейту технологиялары» (2012); «Ересектер мен балалардың көп дәрігер төзімді туберкулезінің менеджменті» (2013); «Фтизиатрияның өзекті мәселелері», «Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау, басқару және бюджеттеу (қауіптерді басқару жүйесі, бірлесіп басқару CQL-PDCA, бизнес жоспар және т.б)» (2014) оқу циклдары;

2014 ж Рига қаласында (Латвия) «ДДСҰ-ның Европалық аймағы елдері үшін туберкулездің дәріге төзімді түрінің клиникалық менеджменті» тақырыбындағы Халықаралық курсқа, 2015 ж Оңтүстік Қазақстан облысы туберкулезге қарсы қызметтің 90 жылдығына арналған «Заманауи фтизиатрияның өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясына, 2015 ж Алматы қаласында өткен «Туберкулезді диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары» тақырыбындағы Халықаралық конференцияға қатысты.

2017 ж Республикалық медициналық университетінде «Медициналық ұйымдардағы сапаны көтерудің үздіксіз жүйесі» циклы бойынша білімін жетілдірді. 2018 ж қарашаның 11-16 аралығында ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және «LifeMed Holdinq» ЖШС ұйымдастыруымен «ДНК/РНК Existation-ды бөлуге арналған автоматты станция» тақырыбында Оңтүстік Корея еліндегі конференцияға қатысып, іс-сапарда болды.

Ол Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетінің экономика факультетін сырттай оқып, 2006 ж экономист-бакалавр мамандығын қосымша игерді, «Арал өңірінің апат аймағындағы ауыл тұрғындары денсаулығының медициналық-ұйымдастыру аспектілері» такырыбына ғылыми еңбек қорғап медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленді. Оның 28 ғылыми жұмысы мен 1 авторефераты баспасөз беттерінде жарияланды.

Ол Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2008),

«Жергілікті әскери баскару органдарына 90 жыл» мерекелік медалімен (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016) «Алтын дәрігер» (2017) және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2019) төсбелгілерімен марапатталған.

Әбдіғабит Әбләзімұлының ұйымдастыруымен облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанынан жанама микрофлораны анықтайтын зертхана жабдықталып, 6 төсектік ауыр наукастарды қарқынды емдеу реанимациялық бөлімшесі, диспансерлік бөлімше, флюороорталық ашылды. Диагностикалық мақсатта видеоэндоторокоскопия қолданыла бастады.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс көлемінде туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші төмендеді, «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014 - 2020 жж арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж 31 мамырдағы № 597 қаулысына сәйкес облыс бойынша көрсеткіштер жақсарды.

Атап айтқанда соңғы жылдары:

  1. Облыс бойынша туберкулезге қарсы диспансерлік бөлімдерді БМСК ұйымдарына және туберкулезге қарсы стационарларды орталықтандырылған бір заңды тұлғаға біріктіру бағытындағы интеграциялық жобалар іске асырылды.
  2. 2 медициналық мекеме (Қазалы АОА және ОТҚД) туберкулезді диагностикалауға жетілдірілген жаңа үлгідегі қондырғылармен қамтамасыз етілді.
  3. Алғаш рет туберкулезге шалдыққан науқастарды амбулаторлық жағдайда еммен қамту барысы 50,5%-дан 70,5%-ға көтерілді, орташа республикалық көрсеткішпен бір дең-гейде (ДДСҰ бойынша 50%).
  4. Науқастардың емге деген ынтасын арттыру мақсатында оларға берілетін қаржылай әлеуметтік көмек көлемі ұлғаю нәтижесінде көп дәріге тұрақты науқастарды емдеу тиімділігі 78,8%-ден 81,9%-ға (стандарт 75%>) және сезімталдығы сақталған ауруларды емдеу тиімділігі 91,7% - 93,4%-ға дейін жақсарды (ДДСҰ бойынша 85%)
  5. 2018-2019 жж ем тиімділігін арттыру, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында 5-ші қатардағы Евростандартты туберкулезге қарсы дәрілер жеке және қысқа мерзімді нобайлармен 100 науқасқа ем тағайындалды..

Диспансердің материалды-техникалық базасы нығайтылды. Жаңа медициналық құралжабдықтармен жарақтандырылды, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, жаңа жылу орталығы салынды және жаңадан лабораториялық ғимарат іске қосылып туберкулезді бактериологиялық әдіспен анықтауда «БАКТЕК MQIT-960» қондырғысы орнатылды, дәрілерге төзімділікті анықтауда XAIN-тест және ДЖЕЙН-ЭКСПРЕС, Бионер әдістері кеңінен қолданылуда. Жалпы емдеу мекемелерімен туберкулезді ерте анықтау мақсатында салааралық байланыс жолға қойылды. Мәселелерді шешу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен және облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмекті жақсарту жол картасы» жасалды.

Ә.Әбләзімнің ұйымдастыруымен алғашқы санитарлық-дәрігерлік көмек беру мекемелері мамандарының жұмысын жақсарту мақсатында семинарлық сабақтар, конференциялар ұйымдастырылып, тұрақты түрде өткізіліп тұрады және әдістемелік көмектер көрсетіледі. Арнайы бағдарлама жасалып, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жақсартуға баспасөз, теле-радио құралдары кеңінен пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда мекеме атауы 2020 жылдан бастап Кызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы болып өзгертілді.