Бактериологиялық зертханада :

Бөлім меңгерушісі: Максутова Нургуль Женисбековна - жалпы 23 жылдық өтілі бар жоғары санатты  бактериолог.

Дәрігерлер: Кулмаганбетова Жанат Шарипжановна 27 жылдық тәжірбиесі бар бірінші санатты  білікті маман. Басқынбаев Ерлан Басқынбайұлы 12жыл өтілі бар екінші санатты бактериолог дәрігер  жұмыс жасайды.

 

Қызылорда облысы “Облыстық фтизиопульмонология орталығының” бактериологиялық зертханасы, жаңа заманауи бактериологиялық,генді-молекулярлы құралдармен қамтамасыз етілген бөлім.Туберкулезді автоматтандырылған  Gene-Xpert  жүйесімен 2 сағатта диагностикалау туберкулездің азаюна,эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына  өз септігін тигізіп, жаңа сатыға көтеріп отыр. 

 

“Gene-Xpert   MTB/RIF”, “GeneXpert   MTB/XDR”,

“Bactec”, “Bioner”, “Хайн-тест, “Vitek 2 compact”апараттарымен “Primo Star”, “Лейкамикроскоптарымен жабдықталған.

Қызылорда облысы туберкулезді бактериологиялық зерттеулер арқылы растау, микроскоп арқылы Кох таяқшарын табу, туберкулезге қарсы дәрілерге тұрақтылықты анықтау,дәрілерге сезімталдықты анықтау үшін келесі апараттармен жұмыс жасайды:

 

“GeneXpert   MTB/RIF”,автоматтандырылған жабық жүйе,ол қақырық үлгілеріндегі туберкулездің спецификалық ДНК тізбегінің бар - жоғын көрсетіп, 2 сағат ішінде қосымша римфапицинге тұрақтылықты да анақтап береді.

“GeneXpert   MTB/XDR”,- 90 минут аралығында  бір тест ішінде туберкулезге қарсы қолданылатын 6 дәріге дейін тұрақты туберкулез таяқшараының  мутациясын анықтап береді.

Бактериологиялық анализатор “ BACTEC MGIT 960м” жүйесі дәріге сезімталдықтыарқылы анықтау бүкіл әлемде сұйық қоректі орталарды пайдалана отырып, автоматтандырылған жүйелер  қазіргі заманғы стандарт ретінде ұсынылады, бұл кезде шыны түтіктерді препараттарды қосып, туберкулез қоздырғышы өсіріліп, арнайы құрылғыға салынады.

LPA тесті (HAIN GenoType MTBDRplus және GenoType MTBDRsl). Бұл әдіс ДТ ТБ емдеуде қолданылатын Изионазид пен Рифампицинге,фторхинолондарға және иньекциялық препараттарға төзімділікті жылдам анықтауға мүмкіндік береді.