Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің №3 өкпе терапия бөлімшесі 1998 ж 45 төсектік болып ашылды. Бөлімше меңгерушілігіне Күнбибі Нұрмантайқызы Тобағабылова мен аға медбикелікке Меруерт Төрекқызы Балымбетова тағайындалды.

1998 ж бастап бөлімшеде ДОТС стратегиясы бағдарламасымен науқастарды емдеу жүзеге асырылады. 2014 ж Тобағабылова К.Н. бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалуына байланысты бөлім меңгерушісі Аманкуль Жақсылыққызы Кульманова болды.

2017 ж қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің жабылуына байланысты мекеме облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне қосылды, ал бөлімше 45 төсектік № 6 МЛУ- ТТ+ бөлімшесі болып бекітілді. А.Ж.Кульманова 1995 ж Ақтөбе медициналық университетін бітіріп, өз еңбек жолын Шиелі ауданындағы емханада аймақтық дәрігер болып бастаған. 1996-1998 жж Қызылорда қалалық № 2 емханада аймақтық дәрігер, 1998-2013 жж ҚТҚД-де аймақтық дәрігер болып еңбек етті. 2014 ж бері бөлімше меңгерушісі қызметінде. Оның өз саласындағы жемісті еңбегі бірнеше рет алғыс хаттармен және 2014 ж облыстық денсаулық сақтау басқармасының грамотасымен аталып өтілген.

Дәрігер ординатор Закир Шакирджанович Абдугафаров 1989 ж Орынбор қаласындағы медициналық университті бітіріп, еңбек жолын Қызылорда қалалық № 6 емханада бастаған. 1994-2004 жж Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында әскери дәрігер болып қызмет атқарды. 2004 ж әскери қызметтен медициналық қызметтің подполковнигі лауазымында запасқа шығып, 2014-2015 жж Астана қалалық туберкулезге қарсы емханада дәрігер фтизиатр, 2015- 2016 жж Қызылорда қалалық тубдиспансерде аймақтық фтизиатр болды. 2016 ж облыстық туберкулезге қарсы диспансердің № 6 ӨТБ-де дәрігер-ординатор. Бірнеше алғыс хаттық марапат иесі.

2017 ж бері Гульмира Нұрғалиқызы Жаркенова бөлімшенің аға медбикесі. Еңбек өтілі - 30 жыл. Бірнеше рет алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған. Жоғарғы дәрежелі мейірбике. Қолданбалы Бакалавр мамандығы бойынша қосымша оқиды.

Бөлімшеде 2 дәрігер-фтизиатр, 12 орта және 12 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Жоғарғы санаттағы медбике – 6 (Ахметова Гульнар, Садыкова Бота, Маханбетжанова Мая, Ибраева Жанар, Кубекбаева Сауле, Ботабаева Райкуль),

бірінші санаттағы медбике – 2 (Алшынбаева Гулбағиля, Сарсенбаева Абуша) және

екінші санаттағы медбике - 2 (Джармаханова Роза, Асанова Қамар). Маман сертификаты барлар - 2 (Айтпенбетова Фарида, Шайхаттарова Айзат).