Облыстық фтизиопульмонолия орталығының клинико-диагностикалық зертханасында : биохимиялық,гематологиялық, жалпы клиникалық,иммунологиялық зерттеулер жүргізіледі. КДЛ автоматты анализаторлармен : Биохимиялық -«А-15» ,«RESPONS-920». Гематологиялық - «Sysmex.XP-300», «NIHON KONDEN». Иммуноферменттік - «iFLASH-1800», Иммунофлюоросценттік-«iCHROMA Reader» Коагулогиялық «COAX » , Электролит «AUDICOM » анализаторларымен жабдықталған.
Клинико-диагностикалық зертхана озық технологиялар мен жоғары дәлдікті жабдықтарды пайдалана отырып ,зертханалық зеттеулерді жүзеге асырады, бұл нәтижелердің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлім меңгерушісі Кабдулова Фатима Абилхасановна жоғарғы дәрежелі дәрігер лаборант.Жұмыс өтілі 23 жыл. Оның басшылығымен лабораториялық зеттеулер енгізілген : ферменттердің белсенділігін анықтау ( альфа-амилаза,сілтілік фосфотаза,липаза), сулы-тұзды көрсеткіштер (кальций,калий,натрий,магний), альфа-фетопротейн, гликолизированный гемоглобин,ревматойдтты фактор, тропонин, прокальцитонин,Д-димер, антистрептолизин «О», ANA, витамин Д және В12, фолиевый қышқылы,гармондар: анти-ТПО, ТТГ,Т3,Т4 және онкомаркелер-СА19-9, NSE ,CYFRA 21-1, СЭА зерттеулерін жасалуына үлес қосуда.
Аманкараева Айгуль Аманкосовна бірінші санатты дәрігер лаборант.2007 жылдан бері еңбек етуде .Казіргі таңда 1-ғимарат зертханасында биохимиялық,гематологиялық,жалпы клиникалық зеттеулер жүргізуде.Зертханада преаналитикалық, аналитикалық,постаналитикалық зерттеулердің жасалуы мен нәтижелерін ұйымдастырады.
Кушенова Алтын Сартайқызы аға лаборант 1995 жылдын бері жұмыс жасауда.Барлық медициналық және шаруашылық есеп беруді ұйымдастырады, лабораториялық жабдықтардың жағдайын және олардың мінсіз жұмыс жасалуын ұдайы қадағалап отырады.