Мың алғыс, ақ желеңді абзал жандар!
Өмірде ерекше мейірім мен ептілікті қажет ететін мамандық - дәрігерлік . Бұндай ойды бұрын-соңды ойлап көрмеген мен жақында облыстық фтизиопульмонология орталығында емделіп жатқанда, басыма қиын іс түсіп, денсаулығым сыр бергенде тұжырымдадым. Дәрігер де, медбикелер де өз істеріне асқан жауапкершілікпен қарайды, тұла бойыңа жүрегінен шыққан сөздерімен нұр құяды, жылы лебіздері сауығып келе жатқан жанға қуат, әл үстіндегілерге шипа болады. Өз басым дәрі-дәрмектен бұрын сәт сайын келіп жаныма жылы сөзімен берген шипаны көбірек қабылдадым деп есептеймін. Әр науқаспен жеке сөйлесіп, ықыласын төгу - зор еңбек, күш-жігер, алтын уақыт.
Дәрігерлер Асқарова Алма, Кульманова Аманкүл, Аккубекова Гүлсім және аға медбикелер Жаркенова Гүлмира, Алмағанбетова Гүлсара - білікті мамандар, іскер ұйымдастырушылар, жүрегі жылы жандар. Осы кісілердің басшылығының арқасында аурухана жұмысы дөңгеленіп жүріп жатыр, науқастар ауруынан айығып, аяққа тұрып, отбасыларына оралуда. Әуелі құдай десек те осындай майталман мамандардың емделушісі болғаныма шүкір деймін және зор алғыс білдіремін. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иелеріне отбасыларыңыз аманшылықта, өмірлеріңіз ұзақ та берекелі және де еңбектеріңіз жемісті болсын деп тілек айтамын.
Емделуші: Карибаева А.