Бүгін - мейірімділік пен ризашылыққа толы ерекше күн! Бұл күн - бір - бірімізге алғыс айтып, ізгі ниетімізді білдіретін, жүректерді жылулықпен толтыратын мереке.
Бізді қолдаған ата - анамызға, бауырларымызға - шексіз қамқорлықтары үшін,
Білім мен тәрбие берген ұстаздарға - өлшеусіз еңбектері үшін,
Адал достарымыз бен әріптестерімізге - сенімдері мен қолдаулары үшін алғыс білдіремін!
Құрметті әріптестерім! Сіздердің қолдауларыңыз бен бірлігіңіз, ортақ еңбегімізге деген жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамын. Бірге өсіп, бірге дамып, ұжымдық рухымызды нығайтып келеміз!
Түсіністік пен мейірімдерің үшін алғысым шексіз!
Бәріңізге бақыт, амандық және жақсылық тілеймін! 
Алғыс айту күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Нұрлан Әмір