5 - ші наурыз 2025 жылы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының «№185 - ші орта мектебінде» Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен акция өтті. Акцияның басты мақсаты: туберкулез туралы дерек бере отырып, әрбір адамның өз денсаулығына, қоршаған ортадағы күллі адамзаттың жауапкершілігін арттыру, аурудың алдын алу және таралуына жол бермеу.
Акцияға қатысқандар:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау тобының жетекшісі, дәрігер фтизиатр - Рахманбердиева Гүлшат Байзаққызы
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туберкулёзі бойынша уйлестіруші, облыстык штаттан тыс фтизиопедиатр - Сагиндиков Ержан Кенесович
Инфекциялық бақылау бойынша үйлестіруші, дәрігер, эпидемиолог - Арықбаева Алма Сериковна
Қармақшы аудандық аурухананың бас дәрігерінің емхана ісі жөніндегі орынбасары - Жүсіпова Динара Мырзабековна
Аудандық аурухананың жалпы тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі - Бұлақбаева Айгерім Мұратовна
Қармақшы аудандық аурухана фтизиатр дәрігері - Әлиев Хабибулла Ибадуллаұлының қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы – 70 - тен аса оқутышылар мен оқушылар қатысып, оқушылар туберкулез ауруы бойынша алдын алу профилактикасына арналған көріністерін көрсетті. Шарада 80 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.