Облыстық денсаулық сақтау басқармасының
22.01.2025жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 2025жыл 2 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 4 - 5 наурыз аралығында Қармақшы аудандық ауруханасы және 6 - 7 наурыз күндері Қызылорда теміржол ауруханасына МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Е.Сагиндиков, А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында:
- Қармақшы ауданында «Орталық емхана», «Көмекбаев» дәрігерлік амбулаториясы, Қызылорда теміржол ауруханасының туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау, емдеу бойынша жүргізілген жұмыстар қаралды.
- Бірлескен бұйрыққа сәйкес Қармақшы аудандық ауруханасының аймақтық дәрігерлері мен мейіргерлерге жалпы саны 36 медицина қызметкері семинар оқумен қамтылып, мамандарға тест нұсқасында аттестация жүргізілді.