Ардақты Аналар!
Құрметті арулар!
Қымбатты ханымдар!
Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа - әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе - күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын!
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт - береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілеймін.
Құрметпен, Қызылорда облыстық Фтизиопульмонология орталығының директоры Нұрлан Әмір