СТОП ТБ жаһандық Серіктестігі 2025 жылғы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің тақырыбын жария етті:
“Yes! We Can End TB: Commit, Invest, Deliver”
Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!
Туберкулез індетін түбегейлі жоюға 6 жыл қалғандықтан, біз бұл тақырып туберкулезбен ауыратын адамдарды емдеу, оларға күтім жасау, дерттің алдын алу, диагностикалауға аса қажет қаржылай инвестиция құю мен тиімді батыл шешімдер қабылдауға деген тұрақты міндеттемені сезінудің маңыздыығын айқындай түседі деп санаймыз.
Соңғы екі жылдағы жетістігі мен кең таралуын ескере отырып, биылғы тақырып үміт, шұғыл әрекет және жауапкершілік туралы көпшіліктің қуатты үндеуін күшейтеді.
2025 жылдың тақырыбы туберкулезбен күресу үшін бұған дейінгі қажыр-қайраттан асып түсетін стратегиялық ынтымақтастыққа негізделген ортақ, біріккен жаһандық күш-жігерді қажет ететінін жеткізуі тиіс.