2025 жылдың 19 - шы наурыз күні облыстық фтизиопульмонология орталығында "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған Қош келдің, Әз - Наурыз” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешті облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Нұрлан Әмір және ардагерлер төрағалары Жақсыбай Ауезханұлы мен Төрехан Қасымұлы құттықтау сөзімен ашып, ыстық лебіздерін білдірді. Бөлімшелер және әкімшілік бөлімі арасында ұлттық дәстүрден көрініс көрсетіліп, ұлттық нақышта әндер айтылып, ұлттық биден тарту етіп, ұлттық киімдер үлгісін көрсетіп, ұлттық салт - дәстүрді кеңінен дәріптеу сайысы өтті. 
Мерекелік кештің шымылдырығы күмбірлеген күймен ашылып, шашу шашу салтымен жалғасын тапты.
Ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрден сыр шертетін көріністер көрсетілді.
Қыз ұзату, 
Шілдехана той, 
Тұсау кесу рәсімі, 
Сүндет той дәріптелді. 
Шара барысында Денсаулық сақтау басқармасы мен "Senim" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының атынан 2 қызметкер "Құрмет" және "Алғыс хат" - пен және Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры атынан 1 қызметкері «Алғыс» хатпен марапатталды, сонымен қатар зейнет жасындағы 5 қызметкерлерімізге зейнеткерлікке шығуға байланысты кәсіподақ ұйымының атынан сый құрмет көрсетілді. 
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті - Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!