Қызылорда көп салалы гуманитарлы - техникалық колледжінің студенттері мен колледж медбикесі - Дүйсенбаева Эльмира Ерікқызының ұйымдастыруымен акция өтті.
Акцияның басты мақсаты: Туберкулездің алдын алу және түрлі жұқпалы аурулардан сақтану шаралары туралы, вакцинацияның маңыздылығы жөніндегі түсіндіру.
Акцияға:
Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының фтизиатр дәрігері –Шарипова Маргарита Акжүнісқызы,
Оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Клара Нұртуғанқызының қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 40 - тан аса студенттер қатысқан шарада 50 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.