Ұлттық спорт түрлері жай жарыс емес, қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін, салт - дәстүрі мен құндылықтарын бейнелейтін мәдени мұраның маңызды бөлігі.
«Ұлттық спорт күні» адамдарды бәсекелестік пен өзара сыйластық арқылы жақындастырады және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл спорт - қиындықтарды жеңудің, жетістіктерді бірге атап өтудің және дәстүрлі құндылықтарды жаңа ұрпаққа жеткізудің ең ұтымды жолы
Ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттауға арналған. Бұл күні азаматтарды спорттық дәстүрлер мен дала халықтарының бай мұрасын тануға, тән мен жан үйлесіміне ұмтылыс біріктіреді. Көкпар, асық ату, қыз қуу, арқан тартыс,тоғызқұмалақ,бес асық, асық ату сынды дәстүрлі спорт түрлерінің тамыры сонау Ұлы Дала тарихында жатыр. Олар көшпелі халықтардың тұрмыс салты дене күші, ептілік пен батылдықты талап еткен бұрынғы кезеңді еске түсіреді.