Құрметті жерлестер, әріптестер! Қазақтың жаңа жылы - Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс - тіршілігін табиғат - анамен тығыз байланыстырған халқымыз. Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.
Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық, бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен, облыстық фтизиопульмонология орталығы ұжымының директоры Нұрлан Әмір.