Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 26.11.2019 жылғы «Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің диспансерлік бөлімін қалалық емханалардың құрамына біріктірілуі туралы» №750 бұйрығына сәйкес, туберкулезге қарсы атқарылатын диспансерлік жұмыстардың ұйымдастыру,
туберкулезді ерте анықтау, емдеу жұмыстары сапасын арттыру мақсатында қала медициналық санитарлы- амбулаториялық көмегі бар ұйымдарда медициналық қызметкерлері арасында 2020 жылдын 25-28 ақпан аралығында «семинар-кенес» өткізілді.
Семинарда Республикалық, облыстық туберкулез аурушандылық, өлім-жітілік, таралу көрсеткіштеріне салыстырмалы түрте тоқталып, емхана қызметкерлері міндеттері, емнің жаңа тәсілдері (ВНЛ), туберкулезге қарсы қолданып жатқан жаңа дәрілер жайында №1, «Алексей Султан-Ахмет», №3, №4, №5, №6, «Темір жол», «Сенім», «Достар мед» емханаларында облыстық фтизиопульмонология орталығы мамандары Ұ.Сариева, Б.Әбішева, К.Тобағабылова, М.Шарипова, Г.Мустафаева, Б.Рахимов өз баяндамаларын жасады. Мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға мамандармен жауап берілді.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/139-oblysty-tuberkulezge-arsy-dispanserini-dispanserlik-b-limin-alaly-emkhanalardy-ramyna-biriktirilui-turaly.html#sigFreeIdc90340bea8