Туберкулез ауруын ерте анықтау мақсатында Сырдария, Шиелі аудандық емханаларына 2020 жылдың 24-25 ақпан айында туберкулезді және туберкулездің көп дәріге тұрақты түрін 2 сағатта анықтайтын «Джен –эксперт» құралы іске қосылды.
«Әлемдік қор» есебінен алынған құралды Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының референс зертханасының меңгерушісі Л.Т. Чингизова келіп орнатып, лаборанттарды жұмыс орнында үйретті. Бүгінгі таңда Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандық емханаларында «Джен–эксперт» құралымен туберкулез дертін анықтауда жұмыс жасауда. Алдағы уақытта Жалағаш ауданында орналастыру көзделуде.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/140-dzhen-ekspert-raly-iske-osyldy.html#sigFreeId84216f1875