2020 жылы 5-ші наурызда М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мамандары және облыстық жастар денсаулығы орталығы мамандары дүниежүзілік туберкулезге

қарсы күрес күніне орай "Туберкулезге қарсы күресте өз үлесімді қосудың уақыты келді!" ұранымен кең көлемді акция жүргізілді. Акция барысында сала мамандары туберкулез туралы мағлұмат беріп, өз кезегінде студенттер де белсене қатысты.