2023 жылдың 11-12 тамыз аралығында Абай облысы, Семей қаласында жедел жәрдем топтары арасында Республикалық спартакиада өткізіліп Қызылорда облысынан  қатысқан медициналық жедел жәрдем бригадасы 4-орынға ие болды. Осыған орай Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы жарысқа қатысушы спартакиада мүшелерін жеңістерімен құттықтап сертификаттар табыстады.