25 қазан - Республика күніне орай облыстық фтизиопульмонология орталығында салтанатты шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталған салтанатты іс - шараны бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Әмір ашып беріп, медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, тәжірибе мен білімдерін ұлт саулығына арнаған мамандарды арнайы алғыс хаттар және сыйлықтармен марапаттады. Халық денсаулығын жақсарту жолында жанымызға шипа сыйлайтын медицина қызметкерлері құрмет пен марапатқа әбден лайықты. Денсаулық сақтау басқармасы мен "Senim" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының атынан 9 қызметкер"Алғыс хаты"-пен және 3 қызметкер "Құрмет грамотасымен" марапатталды.
ҚР ДСМ атынан "Еңбек ардагері", төсбелгісімен
Роза Сейдуллақызы,
"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", төсбелгісімен Даурен Қалиұлы № ЛО5 бөлімшесінің меңгерушісі,
Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі" төсбелгісімен Әмір Маратұлы—дәрігер эндоскопист марапатталды!
Марапаттарыңыз құтты болсын құрметті әріптестер! Отбастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/295-25-azan-respublika-k-nine-oraj-merekelik-shara-tti.html#sigFreeIda0aec16ebe