Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025 жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 12 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні «Өндіріс» ЖШС емханасына МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Г.Мустафаева, Е.Сагиндиков, А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында:
- Емхана аймақтарының туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау, емдеу бойынша жүргізілген жұмыстары қаралды;
- Аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге медициналық ақпараттық жүйе жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Бірлескен бұйрыққа сәйкес аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге, жалпы саны 16 медицина қызметкері семинар оқумен қамтылып, тестілеу нұсқасымен аттестация жүргізілді.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/309-tuberkulezdi-ltty-ba-darlamasyny-oryndaluyn-monitoringteu-n-tizheleri.html#sigFreeId671bc41b5a