2025 жылдың 28 қаңтарында Алматы қаласында «Денсаулық сақтау серіктестері» ҮЕҰ, ҚР ҰФҒО және Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша жобаларды іске асыру тобы бірлесіп ұйымдастырған «Азаматтық қоғам ұйымдарының қызметті жоспарлау және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу бойынша әлеуетін күшейту» тақырыбында 3 күндік семинар - тренинг басталды.
Семинар - тренингке Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті және Қазақстан Республикасындағы Stop TB/UNOPS Серіктестігі бойынша гранттарды жүзеге асыратын 21 үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысуда.
Бұл бірлескен іс - шара ҮЕҰ үйлестірушілерінің жобаларды жоспарлау құралдарын пайдалану бойынша әлеуетін арттыру, туберкулезге қарсы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты насихаттау және жүзеге асыру, ҮЕҰ - ның туберкулез бойынша гранттарды іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Үш күндік семинар - тренинг барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы туберкулездің эпидемиологиялық ахуал, жетістіктер, END ТБ стратегиясының мақсаттарына қол жеткізудегі қиындықтар, STOP TB серіктестігінің мақсаттары мен қызметінің негізгі бағыттары және «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» ұлттық Серіктестігі, «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» және «Денсаулық сақтау серіктестері» қоғамдық бірлестіктерінің Қазақстандағы түрлі жобалар аясындағы қызметі мен тәжірибесі, туберкулезге қарсы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау туралы ақпараттар беріледі.
Жұмыс топтары халықтың осал топтары өкілдері үшін туберкулезге қарсы қызметтерді алудағы құқықтық және гендерлік кедергілерді ескере отырып, туберкулезге қарсы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа тиімді өтінімдерді жоспарлау құралдарын талқылайды; жергiлiктi бюджеттен мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыруды алу үшiн ҮЕҰ жүзеге асыратын адвокациялық іс - шараларды жүргізуді сөз етеді.
Тәжірибелік оқу барысында қатысушылар халықтың осал топтарымен жұмыс істеу кезінде кездесетін нақты жағдайлар талқылайды, сондай - ақ «шағын» ҮЕҰ гранттарын іске асыру шеңберінде ҮЕҰ қызметіне тәуелсіз SWOT талдау жасауды үйренеді.
Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/310-almatyda-kimettik-emes-jym-kilderini-atysuymen-seminar-trening-bastaldy.html#sigFreeId225977438b