Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025 жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 12 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні «Облыстық перинаталдық орталыққа» және 31 қаңтар күні «Көп бейінді қалалық ауруханасына» облыстық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Ж.Жетилгенова және Облыстық фтизиопульмонология орталығының МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Г.Мустафаева, Е.Сагиндиков, А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында:
- Туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау бойынша жүргізілген жұмыстары қаралды;
- Жұмыс барысы бойынша емдеуші дәрігерлер мен мейіргерлерге әдістемелік көмек көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Бірлескен бұйрыққа сәйкес медициналық қызметкерлерге ҚР ДСМ 30.11.2020 ж №214 бұйрық негізінде семинар өткізілді.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/315-tuberkulezdi-aldyn-alu-zh-ne-ba-ylau-bojynsha-monitoring-n-tizheleri.html#sigFreeId01baf79c0c