Бүгін Облыстық Фтизиопульмонология орталығында балалар және жасөспірімдер бөлімшесінде қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны, Хантәңірінің мұзбалағы, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына орай "Әр өлеңі - бір әлем" атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыс тәрбиеші Құрақбаева Мөлдір Қаржаубайқызы ұйымдастыруыменен өтті. Бөлімшеде емделіп жатқан балалар ақынның "Үш бақытым", "Отан туралы", "Туған жер", "Бүгін менің туған күнім", "Әке, сенің жасыңнан асып барам", "Музаға", "Ғашықпын", "Қазақ жері", "Армысыңдар адамдар", "Мен сені сағынғанда", "Досыма" деген өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сайыс соңында бөлімше меңгерушісі Әбсадық Б.А балаларды арнайы диплом және алғыс хаттармен марапаттады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі сыйлықтар табысталды. Мақсатымыз балалар ауруханада жатса да оларға қоғамның бір бөлшегі, бір тұлғасы ретінде көңіл бөлу және адамгершілік тұрғысынан тәрбие беру. Алдағы уақытта да іс - шаралар жалғасын таба бермек.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/316-m-a-ali-ma-ataevty-94-zhyldy-yna-oraj-r-le-i-bir-lem-atty-m-nerlep-o-u-sajysy-bolyp-tti.html#sigFreeId75172720b7