28 - ші ақпан 2025 жылы Сырдария аудандық емханасында Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты туберкулез бен оның негізгі белгілері және себептері;
Семинарға қатысқандар:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері - Маханова Камшат Рысқалиқызы,
Облыстык балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулёз мәселелері бойынша уйлестіруші. Облыстык штаттан тыс фтизиопедиатр - Сагиндиков Ержан Кенесович,
Аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы - Балтабаев Данияр Сағидоллаұлы,
Бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары - Құлеке Ақгул Әмірханқызының қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 35 - тан аса медициналық қызметкерлер қатысып шарада 40 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/319-d-niezh-zilik-tuberkulezge-arsy-seminar.html#sigFreeId342d625542