3 - ші наурыз 2025 жылы Талсуат елді мекені «Адал адам» мәдени тәрбие орталығында Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты туберкулез бен оның негізгі белгілері және себептері;
Семинарға қатысқандар:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының МжБ тобының жетекшісі - Рахманбердиева Гүлшат Байзаққызы,
Жастар денсаулығы орталығының маманы - Г Мазхожа,
«5 емхана» эпидемиолог дәрігері - Г.Мухамбедилова,
«5 емхана» жалпы тәжірбиелік дәрігері - Алтынбек Асылханның қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, акцияға келген қатысушыларға профилактикалық көмектер көрсетіліп, кеңестер берілді. Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 25 - тен аса ауыл тұрғындары қатысып шарада 30 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/320-d-niezh-zilik-tuberkulezge-arsy-aktsiya.html#sigFreeIda5c6e81fb1