Дүниежүзілік туберкулезге қарсы акция

3 - ші наурыз 2025 жылы Шиелі ауданы Бәйгеқұм елді мекенінің мәдениет үйінде Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен акция өтті.

Акцияның басты мақсаты: туберкулез туралы дерек бере отырып, әрбір адамның өз денсаулығына, қоршаған ортадағы күллі адамзаттың жауапкершілігін арттыру, аурудың алдын алу және таралуына жол бермеу.

Акцияға қатысқандар:

Облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиопульмонолог дәрігер - Асқарова Алма Дахарбекқызы,

Облыстық балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулёз мәселелері бойынша уйлестіруші. Облыстык штаттан тыс фтизиопедиатр - Сагиндиков Ержан Кенесович,

Шиелі аудандық көпбейіндік орталық ауруханасының дәрігер фтизиатры - Ж.С. Налибаева,

Шиелі аудандық көпбейіндік орталық ауруханасының балалар дәрігер фтизиатры - Н.Б. Өтебекова,

Шиелі аудандық көпбейіндік орталық ауруханасының жастар денсаулығы кабинетімаманы - С.Қалекеева

Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы - С.Абдировтың қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Ауыл тұрғындары, оқутышылар, оқушылар қатысып, барлығы 40 - тан аса ауыл тұрғындары қатысып шарада 42 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.