6 - ші наурыз 2025 жылы Жаңақорған аудандық емханасында Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты туберкулез бен оның негізгі белгілері және себептері;
Семинарға қатысқандар:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиопульмонолог дәрігері - Жеңсікбаев Даурен Калиевич,
Облыстық балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулёз мәселелері бойынша уйлестіруші. Облыстық штаттан тыс фтизиопедиатр - Сагиндиков Ержан Кенесович,
Жаңақорған ауданының ауруханасының бас дәрігерінің емхана ісі жөніндегі орынбасары - А. Арысбаева
Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы - Н.Кауменованың қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 35 - тен аса медициналық қызметкерлер қатысып шарада 40 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.