12 - ші наурыз 2025 жылы №140 «Абылай хан» атындағы қазақ орта мектебінде Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен акция өтті.
Акцияның басты мақсаты: туберкулез туралы дерек бере отырып, әрбір адамның өз денсаулығына, қоршаған ортадағы күллі адамзаттың жауапкершілігін арттыру, аурудың алдын алу және таралуына жол бермеу. 
Акцияға қатысқан:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігер рентгенологы - Айтбаев Жәнібек Есенғалиұлының қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 35 - тен аса оқушы қатысты. Шарада 40 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.