Бүгін тұрғындарды мерзімді флюорографиялық тексерістен өткізуге бағытталған шаралардың бірі Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен «Туберкулезге қарсы күрес айлығы» аясында «Жайна» сауда орталығында өткізілді. 
Онда кез келген қала тұрғыны алғашқы профилактикалық тексеруден, оның ішінде қан қысымы мен қант мөлшерін өлшеу және жылжымалы флюромашинада флюорографиялық тексеруден өте алады. 
Акциялық іс шарада:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Нұрлан Әмір,
Облыс бойынша штаттан тыс рентгенологы Жәнібек Айтбаев,
Қалалық санитариялық - эпидемиология бақылау басқармасының бас маманы Жазира Жансақалова,
Облыстық фтизиопульмонология орталығының АКСМ дәрігері Мереке Увашеваның қатысуыменен өтті. 
Айта кету керек, туберкулезге қарсы күрес айлығының мақсаты - тұрғындарға дерт туралы ақпарат беріп, алдын алу және күрес шараларын күшейту. Айлық аясында туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу тақырыптарында ақпараттық науқандар, медициналық ұйымдарда, мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер, акциялар ұйымдастырылуда. Облыс көлемінде туберкулезге қарсы бағдарламаның жүргізілуінің нәтижесінде аурушаңдылық көрсеткіші соңғы 10 жылда 2 есеге азайған.