13 - ші наурыз 2025 жылы №120 «Жамбыл Жабаев» атындағы орта мектебінде Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты: туберкулез туралы дерек бере отырып, әрбір адамның өз денсаулығына, қоршаған ортадағы күллі адамзаттың жауапкершілігін арттыру, аурудың алдын алу және таралуына жол бермеу.
Семинарға қатысқан:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері-Жеңсікбаев Даурен Калиевичтің қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 20 - дан аса оқушы қатысты. Шарада 25 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.