14-ші наурыз 2025 жылы №282 мектеп-лицейінде Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен семинар өтті. Семинардың басты мақсаты: туберкулез туралы дерек бере отырып, әрбір адамның өз денсаулығына, қоршаған ортадағы күллі адамзаттың жауапкершілігін арттыру, аурудың алдын алу және таралуына жол бермеу. 
Семинарға қатысқан:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының АКСМ дәрігері - Увашева Мереке Калмаханқызының қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 30-дан аса оқушы қатысты. Шарада 35 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.