17 - ші наурыз 2025 жылы Қажы Мырқыайдар (Мырқы) Мешітінде Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен мешітке келген жамағаттарға дәріс оқытылды.
Дәрістің басты мақсаты: туберкулез туралы дерек бере отырып, әрбір адамның өз денсаулығына, қоршаған ортадағы күллі адамзаттың жауапкершілігін арттыру, аурудың алдын алу және таралуына жол бермеу. 
Дәрісті оқыған Облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері - Нұрбол Мейрімханұлының қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 35 - тен аса жамағат қатысты. Шарада 40 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.