М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушылары мен колледж медбикесі - Айжанова Гулжахан Махатайқызы және Алпыс Айдана Ерболатқызы ұйымдастыруымен семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты: Туберкулездің алдын алу және түрлі жұқпалы аурулардан сақтану шаралары туралы, Вакцинацияның маңыздылығы жөнінде түсіндіру.
Семинарға:
Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының Адвокация коммуникация әлеуметтік жұмылдыру дәрігері - Увашева Мереке Калмаханқызының
Үкіметтік емес ұйым Белая ромашка аутричі - Есеналиева Кенжегүл,
Үкіметтік емес ұйым Белая ромашка аутричі - Есетова Акнұрдың қатысуыменен жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 50 - ден аса студенттер қатысқан шарада 60 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
https://kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/343-tuberkulezdi-aldyn-alu-zholdaryn-nasikhatta-an-sala-mamandarymen-tken-seminar-4.html#sigFreeIdc889195d84