Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025 жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 2025 жыл 2 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 18 - 19 наурыз күндері Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасына МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Е.Сагиндиков, А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды. 
Мониторинг барысында:
- Туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау, емдеу бойынша жүргізілген жұмыстар қаралды;
- Бірлескен бұйрыққа сәйкес аймақтық дәрігерлері мен мейіргерлерге жалпы саны 37 медицина қызметкері семинар оқумен қамтылып, мамандарға тест нұсқасында аттестация жүргізілді.